08.09.2006, 12:10 2913

"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 21-қарашада алғашқы оқылымда қарайды

АСТАНА. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 21-қарашада алғашқы оқылымда қарайды. Мәжілістің жұмыс тобыныың жоспар-кестесінде осындай мерзім көрсетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Жоспарға сәйкес, "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламентте алғашқы және екінші оқылымда қарауға бағытталған палаталардың бірлескен отырысы 21 және 27-қарашаға белгіленген.

"Біз парламент мәжілісінің бюросына тиісті қорытындыны 27-қазанда таныстырамыз, ал 8-қарашада қос палатаның бірлескен отырысы өтеді. Демек, бұл мәселе одан әрі сенатта талқыланады",- деді мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Кенжеғали Сағадиев бүгін заң жобасының тұсаукесерінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны