24.08.2006, 13:13 3111

2007-жылғы бюджетте даму бағдарламаларына 650,4 млрд. теңге қарастырылған

АСТАНА. 24-тамыз. Kazakhstan Today. 2007-жылғы бюджетте даму бағдарламаларына 650,4 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Марат Құсайынов бүгін өткен үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Аталмыш бағдарламаларға арналған қаржы көлемі биылғымен салыстырғанда 126 млрд. теңгеге немесе 24 процентке артты",- деді М.Құсайынов. Оның айтуынша, президенттің Қазақстан халқына арнаған жолдауына сәйкес орта мерзімді фискалдық саясат пен мемлекеттің салалық бағдарламаларында 2007-жылғы бюджет қаржысы жұмсалатын басым бағыттар ретінде мыналар айқындалған: білім және ғылым саласын дамыту, денсаулық сақтау саласын дамыту, ауыз су қамтамасыздығы, тұрғын үй құрылысы, ғарыштық қызмет, ауылшаруашылығы және ауылдық аумақтар, көлік инфрақұрылымы, "электрондық үкіметті" қалыптастыру аясындағы ақпараттық жүйелер, Астананы дамыту және басқа да салалар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны