03.05.2007, 16:19 3057

2007-жылғы сәуірде Қазақстанның халықаралық резервтері 3,4% ұлғайды

АЛМАТЫ. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда (ағымдағы бағамен) яғни, Ұлттық Қордың ақшасын (алдын-ала деректер бойынша - 16 437,9 млн. долл.) қоса алғанда 3,4% ұлғайып, 38 705,4 млн доллар болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

2007 жылғы сәуірде Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің төмендеуі ақша базасының 3,1 % (немесе 49,5 млрд. теңгеге) тарылуына байланысты болды.

2007 жылғы сәуірде Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің ағымдағы бағасы 3,3 % (немесе 703,0 млн. долл.) өсті.

Бір ай бойы Ұлттық қордың активтерін толықтыру және алтын-валюта резервтерінің шотынан қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялардың жүргізілуіне қарамастан, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасымен корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың көбеюі, Ұлттық банктегі үкіметтің шотына валютаның түсуі және Ұлттық Банктің ішкі валюта нарығында валюта сатып алуы валюта қорларының ұлғаюына әкелді.

Осылайша, таза валюта қорлары (ЕАВ) 664,3 млн. долларға өсті, алтын түріндегі активтер жүргізілген операциялар және оның әлемдік нарықтардағы бағасының 2,19% көбеюі нәтижесінде 38,7 млн. долл. ұлғайды.

Тұрақты бағамен Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 3,1%, ЕАВ-мен таза активтер - 3,3 %, алтын түріндегі активтер 0,5% ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны