17.05.2007, 18:29 2779

2007-жылы аграрлық инфрақұрылымдық бірлестіктерді несиелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді

АЛМАТЫ. 17-мамыр. Kazakhstan Today. 2007-жылы ауылшаруашылығының инфрақұрылымдық бірлестіктерін несиелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ арқылы республикалық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі былтыр алғаш рет аграрлық инфрақұрылымы бірлестіктерін несиелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ арқылы жүзеге асыруға кіріскен". "Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңгеден астам қаржы, соның ішінде 2006 жылы - 3,5 млрд теңге, 2007 жылы - 2 млрд теңге бөлінді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Бағдарламаның мақсаты - ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, сату және дайындау инфрақұрылымын дамытуға және қамтамасыздық бағытындағы қызметтер көрсетуді дамытуға жағдай жасау",- деп хабарлайды корпорациядағылар.

"Бірлестіктерді құру мен несиелендіруге қатысушылар санының көптігі (ауылшаруашылығының тұтынушылары кооперативтерінің саны 10-нан кем емес болуға тиіс), алынатын мүліктің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірлестікке қатысушылардың шикізат базасының жеткілікті болуы (жылдық сұраныстың 75 процентінен кем болмауға тиіс), ликвидті кепілдігі болуы тәрізді басты талаптар қойылады",- делінген баспасөз баянында.

"Несиелік қаржы 7 жыл мерзіммен технологиялық, зертханалық және өңдеу жабдықтары мен арнаулы автокөліктерді сатып алуға, ал 1-3 жыл мерзіммен айналым құралдарын сатып алуға беріледі",- делінген баспасөз баянында. "Сыйақы ставкасы жылдық 5 процент. Несиенің орнын толтыратын мүлік ролін бірлестік мүшелерінің мүлкі мен мұндай мүлік жетіспеген жағдайда сатып алынатын негізгі құралдар атқарады. Бірлестік мүшелерінің мүлкінің кепілдік ретіндегі құны несие мөлшерінің 60 процентінен төмен болмауға тиіс",- деп хабарлайды компания.

"Ауылшаруашылығы тұтынушыларының кооперативтері ет-сүт, жеміс-көкөніс, балық, жүн, астық және майлы дақылдарды өңдеу мен жинау жұмыстарымен шұғылдануға тиіс",- делінген баспасөз баянында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны