07.02.2007, 17:17 3047

2007-жылы Қазақстанда инфляция 7,3- 8,3% құрайды - Ұлттық банк анонсы

АЛМАТЫ. 7-ақпан. Kazakhstan Today. 2007-жылы Қазақстанда инфляция 7,3- 8,3% құрайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов бүгін 2006-жылдың алғашқы қорытындысы мен қаржы нарығындағы 2007 жылғы қаңтардағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алдын-ала есеп бойынша инфляциялық дәліз 7,3- 8,3% құрайды деген болжам шындыққа сай келетін секілді",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жылдық инфляция 2006 жылы (2006 жылғы желтоқсан мен 2005 жылғы желтоқсан аралығы) 8,4% (2005 жылы 7,5%) болды. Орташа жылдық инфляция 2006 жылға арналған жоғары бағалар сценарийі бойынша (6,9-8,5%) мақсатты болжамнан шамалы көтеріле отырып, 8,6% болды.

Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми деректері бойынша 2007 жылғы қаңтарда инфляция 1,1% (2006 жылғы қаңтарда - 0,9%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,3%, ақылы қызмет көрсету - 1,1% артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны