27.08.2007, 14:19 3371

2008/2009 жылдарда халық пен баспананың ұлттық санағы жүргізіледі

2008/2009 жылдарда халық пен баспананың ұлттық санағы жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өткен селекторлық жиында агенттік төрайымы Анар Мешінбаева хабарлады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 27 тамыз. АСТАНА. 2008/2009 жылдарда халық пен баспананың ұлттық санағы жүргізіледі. Бұл туралы бүгін өткен селекторлық жиында агенттік төрайымы Анар Мешінбаева хабарлады.

Оның айтуынша, халық пен баспананың ұлттық санағына "2009-жылдың 25-ақпанындағы мәлметтер қамтылады". "Санақ парақшаларында әрбір тұрғынның жеке басына қатысты (азаматтығы, ұлты, тіл меңгеру жайы және тағы басқа) және тұрғын үй жағдайына қатысты (баспананың түрі, жайландыру жағдайы, меншік түрі, аумақ мөлшері, бөлмелердің саны) мәліметтер мен сұрақтар болмақ", - деді А. Мешінбаева.

А. Мешінбаеваның хабарлауынша, санақ парақшалары мүдделі мемлекеттік мекемелермен: денсаулық сақтау, әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қорғаныс, ішкі істер министрліктерімен және әкімшіліктермен келісіледі.

Санақ барысында, А. Мешінбаеваның айтуынша, "2008-жылдың 1-шілдесі мен 2009-жылдың 1-сәуірі аралығында, қалалар мен көшелердің атауын өзгертуге, әкімшілік-аумақтық бірліктерді өзгертуге мораторий жарияланады".

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны