24.05.2007, 17:10 2968

2008 - 2009 жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 8,9 - 9,7%, инфляция деңгейі - 5 - 8% құрайды - үкіметтің түзетілген болжамы

АЛМАТЫ. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің түзетілген болжамына сәйкес, 2008 - 2009 жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 8,9 - 9,7%, инфляция деңгейі - 5 - 8% құрайды. Осы жөніндегі қаулыға республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, үкіметтің болжамына сәйкес, 2007-жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 12 464,1 млрд теңге (өткен жылғымен салыстырғанда өсім 9,7%), 2008 -жылы - 14 874,2 млрд теңге (9,4%), 2009-жылы - 17 563,4 млрд теңге (8,9%) болмақ.

Үкіметтің болжамы бойынша, Қазақстанда тұтыным бағаларының индексі (инфляция деңгейі) 2007-жылы орта есеппен 5 - 7%, 2008-жылы - 6 - 8%, 2009-мжылы - 6 - 8% құрайды.

Бұған дейін үкімет 2007 - 2009-жылдары Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 7,5 - 8%, инфляция деңгейі 5 - 7% аралығында болады деп болжаған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны