22.08.2008, 17:17 3799

2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр қуатының бағасы ҚҚС есептегенде 1 кВт-сағатына 9,37 теңгені құрайтын болады

2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушылары үшін электр қуатының бағасы ҚҚС есептегенде 1 кВт-сағатына 9,37 теңгені құрайтын болады

Алматы. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрмыстық тұтынушылары үшін электр қуатының бағасы 1 кВт-сағатына ҚҚС есептемегенде 8,29 теңге немесе ҚҚС есептегенде 9,37 теңгені құрайтыны жөнінде мәлімдейді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Баға Жамбыл ГРЭС-і электр қуатының бағасын 1 кВт-сағатына 4,5 теңгеден 5,90 теңгеге, ал Қырғызстанның электр станциясы 1 кВт-сағатына 3,2 теңгеден 5,9 теңгеге көтеруге байланысты жоғарылап отыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Бұл ретте тәулік мерзімдері бойынша дифференцияланған баға мөлшерлемесі (ҚҚС есептемегенде) заңды тұлғалар үшін: күндізгі (7.00-19.00) баға мөлшерлемесі - 1 кВт-сағатына 8,29 теңге; максимум сағаттар (19.00-23.00) кезіндегі баға мөлшерлемесі - 1 кВт-сағатына 17,15 теңге; бағаның түнгі (23.00-7.00) мөлшерлемесі - 1 кВт-сағатына 2,29 теңгені құрамақ.

Тұрмыстық тұтынушылар үшін (13 пайыздық ҚҚС есептегенде): күндізгі (7.00-23.00) баға мөлшерлемесі - 1 кВт-сағатына 11,95 теңге; бағаның түнгі (23.00-7.00) мөлшерлемесі - 1 кВт-сағатына 2,58 теңгені құрайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны