26.06.2008, 10:15 1319

2008 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 10,5 пайызды құрамақ

2008 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі жылдық 10,5 пайызды құрамақ

Алматы. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының "ҚР Ұлттық банкі туралы" заңына сәйкес Ұлттық банк басқармасы 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін жылдық 10,5 пайыз мөлшерінде бекіту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету қаржы нарығындағы табыстың азаюына алып келуі керек. Бұл банк секторының несиелік белсенділігіне жәрдемдесуге ықпал етіп, экономиканың өсуіне әсерін тигізеді", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны