03.07.2008, 19:07 2875

2008 жылдың басынан бері Қырғызстанда экономикалық өсім қарқынының төмендеу үрдісі байқалып отыр

2008 жылдың басынан бері Қырғызстанда экономикалық өсім қарқынының төмендеу үрдісі байқалып отыр

Бішкек. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың басынан бері Қырғызстанда экономикалық өсім қарқынының төмендеу үрдісі байқалып отыр. Бұл туралы кеше Қырғызстан президентімен кездесуде Қырғызстанның экономикалық даму және сауда министрі Ақылбек Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі аталмыш министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖІӨ қаңтар айындағы 8,2 пайыздан мамыр айындағы 6,7 пайызға дейін төмендеген. "Егер жыл басында Қырғызстанда базалық сценарий бойынша экономикалық өсім 7,6 пайыз мөлшерінде болжанған болса, жарты жылдық қорытындысы бойынша ЖІӨ өсу қарқыны 6,1 пайызды құрап отыр", - деп көрсетілген жарияланған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны