25.04.2008, 19:39 3334

2008 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Қазақстан экономикасы базалық сценарий бойынша дамып келеді - Акишев

2008 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Қазақстан экономикасы базалық сценарий бойынша дамып келеді - Акишев

Алматы. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың бірінші тоқсаны бойынша Қазақстан экономикасы базалық сценарий бойынша дамып келеді. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ҚР Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Данияр Акишев хабарлады. "Бірінші тоқсанның нәтижелері экономикалық өсімнің бар екенін көрсетіп отыр. Оның қарқыны бәсеңдеген, алайда, ол бар. Мұнай секторы да, мұнайға қатысы жоқ салалар да дамып келеді", - деді ол.

Дағдарысты жағдайдың аяқталуы мүмкін мерзім жөнінде айта келіп, "Ұлттық банктің басқарма төрағасының орынбасары жалпы алғанда сыртқы нарықтағы ахуал осы ауыр күйінде жыл аяғына дейін сақталатынын атап көрсетті. Біз онымен байланысты болғандықтан проблема кем дегенде жыл соңына дейін жалғасады".

Естеріңізге сала кетсек, Ұлтық банк елдің 2008-2009 жылдардағы дамуының екі жолын айқындаған. Бірі базалық және екіншісі пессимистік.

Базалық сценарийде ағымдағы операциялар бойынша айтарлықтай жетіспеушілікті сақтау күтіліп отыр (5 млрд доллардан астам). Бұл ретте банктер төлем мерзімі 2008-2009 жылдары келетін резидент еместер алдындағы барлық міндеттемелерін жаңа сыртқы қарыз алу есебінен қайта қаржыландыра алмайды. Бұл сценарий аясында 2008 жылғы ЖІӨ 5%, 2009 жылы - 6,3% құрайды деп күтіліп отыр.

"Экономикалық өсім қарқынының бәсеңдеуі тауар импортындағы тұтынудың азаюына және жалпы ішкі сұраныстың қысқаруына ықпал етеді. Бұл 2009 жылы төлем балансының түзетілуін қамтамасыз етеді. Бұл ҚР Ұлттық банкінің халықаралық қорының көлемін 2008 жылғы деңгейде сақтап тұруды және теңгенің номиналдық айырбас бағамының тұрақтылығын болжайды", - деп атап көрсетілген құжатта.

Ұлттық бактің болжамына сүйенсек, 2008 жылы ақша базасының өсімі 14,8% құрап, 1681 млрд теңгеге жетеді. 2009 жылы тиісінше 11,7%, 1878 млрд теңге. Ақша массасының өсімі 2008 жылы 8,3% (4998 млрд теңге), ал 2009 жылы - 23,5% (6173 млрд теңге) құрайды. Банк жүйесіндегі депозит 15 - 17% (2008 жылы 4167 млрд теңге, 2009 жылы 5124 млрд теңге) өседі деп болжанып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны