04.08.2008, 16:06 3089

2008 жылдың шілде айында Алматы қаласындағы инфляция көрсеткіші 0,7% құрады

2008 жылдың шілде айында Алматы қаласындағы инфляция көрсеткіші 0,7% құрады

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша ағымдағы жылдың шілде айындағы инфляция көрсеткіші өткен аймен салыстырғанда 0,7%, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 0,2 %-ға төмен (республикалық - 0,9 %), деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, инфляция көрсеткішінің төмендеуі 2008 жылдың сәуір айынан бастап қалалық басшылық тарапынан тағамдық тауарлармен қамтамасыз ету және баға өсімін тұрақтандыруға бағытталған шаралардың қолға алынуына байланысты. Бұл орайда бәсекелестікті арттыру, әкімшілік кедергілерді жою, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің базарларға кедергісіз енуін қамтамасыз ету басты бағыт болды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен көкөністің маусымдық бағасының төмендеуінің нәтижесінде, тағамдақ өнімдерге қатысты инфляция көрсеткіші жоспарлы түрде төмендей бастады. Ағымдағы жылдың соңғы төрт айы ішінде тағамдық тауарларға қатысты өсім 2008 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,7%-ға төмен болды, жалпы көрсеткіш 4,2%.

Қаладағы инфляцияны ауыздықтау мақсатында негізінен келесі шаралар жүзеге асырылды: 2008 жылдың маусым айында Алматы қаласы мен Қостанай, Солтүстік-Қазақстан және Ақмола облыстары арасында 3 келісім шартқа қол қойылды. Бұл келісім-шарттармен қаланың ұн өндіру және нан өнімдерін пісіретін мекемелерін бидайдың жылдық қажетті мөлшерімен қамтмасыз етілуіне қол жеткізілді. Жылдық жеткізілім көлемі 283 мың тонна бидай.

Қаланың бірқатар ірі сауда мекемелерімен бағаны тұрақтандыру жайында меморандумға қол қойылды, мекемелер өз тарапынан халықтың тұтынатын тауарларын сататын сауда нүктелерінде тағамдық өнімдердің бағасына 10% аспайтын белгілі бір қосымша баға үстемесін қосады.

Ірі тауар өндіушілерге арналып, ауыл шаруашылық тауарларын сату ұйымдастырылды. Осылайша, "Жер Ана" компаниясы үлкен автодүкендер желісін ұсынды, ондағы баға орташа есеппен 15-20%-ға төмен. Бұл бағытта көкөніс өнімдерін сатуға қала ішінде 50 сату орындарын ұсынған "Оңтүстік" ИӨК-мен бірлесе жұмыс жіргізілуде.

Қаланың ірі-ірі 10 базарында муниципалды қатарлар ұйымдастырылды. Күнделікті сатылатын таурадың көлемі 20-25 тоннаны құрайды. Сатылатын тауарлар бағасы базар бағасынан 15-20%-ға төмен.

Қалада мемлекетіміздің оңтүстік өңірлері, Алматы облысы және шекаралас мемлекеттердің өндірушілерінің қатысуларымен апталық жәрмеңкелерді ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жәрмеңкелерді 2008 жылдың қыркүйек айында қаланың 7 ауданында ашу көзделіп отыр.

Қалада тауарларды көтерме сауда бағасымен сататын замануи сауда орталықтары ашылуда. Сауда орталықтарының бағалары бөлшек сауда бағаларынан 20-25 % -ға төмен.

Алматы қаласында алып-сатарлар тізбегін азайту арқылы басты тағам өнімдеріне бағаны тұрақтандыруға пайдаланылатын ірі сауда-логистикалық орталықтар желілерін ашу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, тауарды сақтау, алғашқы ұқсату және жеткізу кешені болып табылатын, контейнерлік терминал жанынан құрылған "Астана-Контракт" АҚ өз жұмысын бастады.

Сонымен қатар Алматы қаласында "GEGA" Логистика орталығын салу және пайдалану "Global Ecological Group Almaty" ЖШС" жобасы сұнылды. Жоба тағам өнімдерін сақтау және ұқсатумен айналысатын "А+" сыныбының логистикалық орталығын салуды көздейді. Жоба құны 80,0 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобаны жүзеге асыру қалаға қажетті тағам өнімдерінің қорын жасақтап, маусымдық баға өзгерістерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны