24.10.2007, 16:42 3194

2008 жылға арналған бюджетте әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 500 миллиардтан астам теңге қарастырылады

2008 жылға арналған бюджетте әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 500 миллиардтан астам теңге қарастырылады.

Астана. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылға арналған бюджетте әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 500 миллиардтан астам теңге қарастырылады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі алқасының кеңейтілген отырысы барысында еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Гүлшара Ибдіхалықова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Келесі жылы 2008 жылға арналған бюджетте әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 500 миллиардтан астам теңге қарастыру жоспарлануда, бұл үстіміздегі жоспарлы бөлінген қаржыдан 17 пайзға артық",- деді ол. Ол сонымен қатар, бүгінгі күнде республикамызда халықтың 22 пайызы әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған, бұл 3 млн адамнан асып түседі, деп нақтылады. Бұл топқа зейнеткерлер, мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алатындар, көп балалы аналар, көп балалы отбасылар, кедейлілік шегінен төмен деңгейдегі кірісі бар азаматтар кіреді.

Атап айтқанда, министрлің хабарлауынша, 2008 жылдың 1-қаңтарында зейнетақының орташа көлемі 28 пайызға өседі, мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы 15,5 пайызға көтеріліп, 10 774 теңгені құрайды. Сонымен қатар, баланың дүниеге келуіне байланысты берілетін бір реттік мемлекеттік жәрдемақы көлемі екі есеге, баланың 1 жасқа толғанға дейін бағым-күтіміне арналған жәрдемақы 1,6 есеге өседі.

Г.Ибдіхалықова, келесі жылдан бастап жұмыс істейтіндердің жүктілікті, босану мен ана болуын әлеуметтік сақтандыру қорының есебінен міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу жоспарланып отырғандығын еске сала кетті. Сонымен қатар, оның айтуынша, бала күту жәрдемақысының көлемі анасының жалақысының 40 пайызын құрайды.

"Базалық әлеуметтік төлемдерді түзету туралы шешім республикалық деңгейде қабылданған, осыған байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша 3,2 млрд теңге, мүгедектікке және асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақыға 2,8 млрд теңге бөлінеді",- деп атап өтті Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Ол сондай-ақ, 2008 жылға арналған республикалық бюджет жобасында баспана көмегін көрсетуге жергілікті бюджеттен қосымша 3,5 млрд теңге бөлу қарастырылған.

"Бюджет жобасын талқылау барысында жергілікті бюджеттің кедейлік шегінен төмен деңгейдегі кірісі бар азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету шығындарын 1,1 млрд теңгеге, тұрмысы төмен отбасыларының 18 толмаған балаларына жәрдемақы төлеуді - 1,7 млрд теңгеге өсіру қарастырылған",- деп қорытындылады вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны