13.02.2008, 17:41 2930

2008 жылғы қаңтарда ақша базасы 3,1% ұлғайды

2008 жылғы қаңтарда ақша базасы 3,1% ұлғайды

Алматы. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылғы қаңтарда Ұлттық банктің таза сыртқы активтерінің ұлғаюы ақша базасының 3,1% кеңейіп, 1509,5 млрд. теңгеге дейін жетуіне себепші болды, деп хабарлайды агенттік Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шектеулі ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2,9% кеңейіп, 1496,0 млрд. теңгеге жетті.

2007 жылғы желтоқсанда ақша массасы банк жүйесіндегі ішкі активтердің ұлғаюы салдарынан 4613,7 млрд. теңгеге дейін 2,1% ұлғайды. Тұтастай алғанда 2007 жылғы ақша массасының өсуі 25,5% (2006 жыл үшін - 78,1%) болды.

2007 жылғы желтоқсан үшін айналыстағы қолма-қол ақша 739,7 млрд. теңгеге дейін 7,8% (2007 жылы - өсуі 23,1%), ал банк жүйесіндегі депозиттер - 3873,9 млрд. теңгеге дейін 1,0% (2007 жылы - өсуі 25,9%) ұлғайды. Депозиттердің өсу қарқынымен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынының басым болуы ақша массасы құрылымындағы депозиттер үлесінің 84,8%-дан 84,0%-ға дейін азаюына себепші болды.

Ақша мультипликаторы ақша базасының тарылуы аясында ақша массасының өсуі нәтижесінде 2007 жылғы қарашада 3,03-тен 2007 жылғы желтоқсанда 3,15-ке дейін (2006 жылғы желтоқсанда - 2,45) көтерілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны