10.12.2008, 17:52 3060

2008 жылғы қазанда ақша массасының көлемі банк жүйесінің таза сыртқы және ішкі активтерінің қысқаруы есебінен 3,4%-ға қысқарды

2008 жылғы қазанда ақша массасының көлемі банк жүйесінің таза сыртқы және ішкі активтерінің қысқаруы есебінен 3,4%-ға қысқарды

Астана. 10 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылғы қазанда ақша массасының көлемі банк жүйесінің таза сыртқы және ішкі активтерінің қысқаруы есебінен 3,4%-ға 5 685, 1 млрд. АҚШ долларына қысқарды. Жыл басынан ақша массасы 22,8% өсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2008 жылғы қазанда айналыстағы қолма-қол ақша 815,9 млрд. теңгеге (жыл басынан бастап - 10,3% өсу) дейін 1,1% өсті, бұл ретте банк жүйесіндегі депозиттер 4 869,1 млрд. теңгеге дейін 4,1% қысқарды (жыл басынан бастап - 25,2% өсті). Айналыстағы қолма-қол ақшаның депозиттердің өсу қарқынының сығымдалуы аясында өсуі ақша массасының құрылымындағы депозиттер үлесінің 2008 жылғы қыркүйектегі 86,3%-дан қазанда 85,6%-ға дейін төмендеуіне себепші болды

Ақша мультипликаторы ақша массасының өсу қарқынының шамалы қысқаруы аясында ақша базасының қысқаруы салдарынан 2008 жылғы қыркүйектегі 3,35-дан қазандағы 3,62-ке дейін ұлғайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны