14.05.2008, 10:54 1941

2008 жылы әлемдік күріш өндіру рекорды жаңарады - ФАО

2008 жылы әлемдік күріш өндіру рекорды жаңарады - ФАО

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылы қолайлы ауа-райы жағдайында әлемдік күріш өндіру деңгейі рекордтық көрсеткіштерге жетеді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 2,3% өсіп, 666 млн тоннаны құрайды. Алайда, бұл өнімнің бағасы жоғары болып қала береді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

ФАО болжамдарына сүйенсек, жыл соңына қарай күріш, әсіресе, Азия, Африка мен Латын Америкасының елдерінде көп жиналады.

ФАО өткен жылдың желтоқсан айынан ағымдағы жылдың сәуіріне дейін күріш 76% өскеніне назар аударған. Сарапшылар күтіліп отырған жоғарғы өнімге қарамастан бұл өнім бағасы, тым болмағанда, биылғы жылдың үшінші тоқсанына дейін қымбат болып қала береде деп күтіп отыр. Илемдік жеткізілім экспортқа шығарушы мемлекеттердің шектеулерінің арқасында азайған. Бүгінгі таңда мұндай шектеулерді Тайланд, Пакистан мен АҚШ ғана енгізбеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны