08.01.2008, 18:21 4023

2008 жылы ауылдық несиелік серіктестіктерді құруды аяқтау жоспарлануда

2008 жылы ауылдық несиелік серіктестіктерді құруды аяқтау жоспарлануда

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ 2008 жылы ауылдық несиелік серіктестіктерді құруды аяқтауды жоспарлауда. Бұл туралы "Аграрлық несиелік корпорация" АҚ басқармаларының төрағасы Асқарбек Қаражігітов хабарлады.

"Бұл жыл осындай бірлестіктерді құру бағытындағы жеті жылдық жұмыстар барысындағы соңғы жыл боомақ. "ҚазАгро" Ұлттық холдингімен бірлесе отырып, біз 2008 жылы тағы да 8 ауылдық несиелік серіктестіктерді құруды жоспарлап отырмыз. Сөйтіп, олардың саны 161-ге жетеді, ол республика аумағының 90% қамтуға жол ашады", - деді А.Қаражігітов.

Оның айтуынша, ауылдық несиелік серіктестіктерді құру және қазіргі барлары мен жаңадан құрылған серіктестік мүшелерін несиелендіру жоспарына сәйкес 3,8 млрд теңге бөлінбек. Несиелер өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға, ауылшаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарды сатып алуға 1-7 жыл мерзіммен беріледі. Ауылшуарушылығы құрылымдары үшін сыйақы ставкасы жылдық 8 - 9%-ті құрайды.

"Осындай жеңілдетілген шартпен несиелендіру өзін-өзі ақтады. Олардың көмегімен ауыл тұрғындары аз уақыт ішінде жаңа өндіріс орындарын құрып, пайда тауып, несиелерін дер кезінде өтеуде. Егер корпорация 2001 жылдан бері жалпы алғанда 39,7 млрд. теңгенің несиелерін таратқан болса, оның 21,9 млрд теңгесі қазіргі жағдаймен қайтарылды" - деді А.Қаражігітов

Бүгінде республика облыстарының 150 ауданында 153 ауылдық несиелік серіктестік жұмыс істеуде. Серіктестіктер 6,1 мың ауылшаруашылығы бірлестіктерін біріктірген, олардың 82% - шаруа қожалықтары, 10% - ЖШС және 8% -басқа да ұйымдар.

"Аграрлық несиелік корпорация" АҚ 2001 жылдың 25 қаңтарында құрылған. Корпорация акциялары 100% мемлекеттік иелігінде. 2007 жылы корпорация активтері 29,1 млрд. теңгені, жеке капиталы - 25,1 млрд. теңгені, жарғылық қоры 24,4 млрд теңгені құрады.

Аграрлық несиелік корпорация - ауылшаруашылығы өндірісін, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуді, ауылдық жерлердегі ауылшаруашылығына жатпайтын бизнесті несиелендіретін арнайы ұйым. Корпорацияның мақсаты ауылдарда тиімділік пен ашықтық негізінде бәсекеге қабілетті кәсіпкерлікті дамытуға ынталандырушы қол жетімді несиелердіру жүйесін құруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға саяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны