22.04.2008, 15:33 2630

2008 жылы Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару 20%-ға артады

2008 жылы Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару 20%-ға артады

Астана. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Өзбекстаннан Қазақстанның ішкі нарығына газ шығару 20%-ға артады. Бұл туралы еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев бүгін өткен үкіметтің отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылы ішкі нарықты газбен қамтамасыз ету үшін ""ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ, "Газпром" мен "Өзбекмұнайгаз" арасында СВОП-операциялары арқылы 5 млрд текше метр көлемінде газ беру жөнінде келісім жасалды, бұл 2007 жылғыдан 20% артық", - деді С. Мыңбаев.

Оның мәліметінше, Қазақстан үшін жылдың бірінші жартысында газ бағасы былтырғы жылғы деңгейде қалады. "Бірақ жылдың екінші жартысында бұл баға қымбаттап, бір текше метріне шамамен $25 жетеді", - деді министр.

"Ал күз-қыс маусымында "ҚазТрансГаз" АҚ өзінің жер асты газ қоймаларына 765 млн текше метр табиғи газ сақтамақшы", - деді С.Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны