16.04.2009, 14:08 2924

2008 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілген жағдайда 2007 жылғы мораторий енгізілгенге дейінгімен салыстырғанда біршара артық заң бұзушылықтар әшкереленген - Көлік және коммуникациялар министрлігі

2008 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілген жағдайда 2007 жылғы мораторий енгізілгенге дейінгімен салыстырғанда біршара артық заң бұзушылықтар әшкереленген - Көлік және коммуникациялар министрлігі

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілген жағдайда 2007 жылғы мораторий енгізілгенге дейінгімен салыстырғанда біршара артық заң бұзушылықтар әшкереленген. Бұл туралы бүгін Көлік және коммуникациялар министрлігінің техникалық реттеу саласындағы сарапшылар кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы Ғабит Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий енгізілген 2008 жылы біз келіп түскен арыз-шағымдар бойынша құқық қорғау органдарымен бірлесіп 3956 тексеру жүргіздік. Бір әттегенайы, өнім сату сатысында шамамен 56% заң бұзушылық анықталды. Олардың қорытындысы бойынша 57 млн теңгенің 2 мыңдай қаулысы шығарылды", - деді Ғ. Мұхамбетов.

"Егер біз 2007 жылы мораторий жарияланбай тұрып 1,5 млрд теңгенің 14,5 мың өнім партиясының сатылуының алдын алсақ, өткен жылы жалпы көлемі 2,8 млрд теңгенің 8493 өнім партиясы анықталды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны