23.05.2008, 18:06 2834

2008 жылы транспорттық мәліметтер базасының заманауи жүйесін құрып аяқтау жоспарланған

2008 жылы транспорттық мәліметтер базасының заманауи жүйесін құрып аяқтау жоспарланған

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы транспорттық мәліметтер базасының заманауи ақпараттық талдамалық жүйесін құрып аяқтау жоспарланған. Бұл туралы 2007 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебінде айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Транспорттық мәліметтер базасының заманауи ақпараттық талдамалық жүйесін құрып аяқтау жұмыстары жүргізілуде, ол 2008 жылы аяқталады деп жоспарланған", - делінген құжатта.

Есепте атап көрсетілгеніндей, нәтижесінде "транспорт құралдарының қозғалысы туралы толық ақпаратты нақты уақыт режимінде алуға, тасымалдардың қауіпсіздігін арттыруға, апаттардың санын азайтуға, транспорттық кешенді дамытудың келешегі бар бағдарламаларын айқындау жөніндегі негізді басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік туады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны