19.10.2007, 18:11 2914

2008 жылы Ұлттық банк банкаралық нарықтағы кейбір ставкаларды көтеруі мүмкін

2008 жылы Ұлттық банк банкаралық нарықтағы кейбір ставкаларды көтеруі мүмкін.

Астана. 19 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Ұлттық банк банкаралық нарықтағы кейбір ставкаларды көтеруі мүмкін. Бұл туралы бүгін 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің парламент сенатындағы тұсаукесерінде ҚР Ұлттық банк төрағасныың орынбасары Данияр Акишев хабарлады.

"2008 жылы қатаң ақша-қарыз саясатын ұстану одане әрі жалғасын табады. Бұл кейбір ставкалар көтерілуі мүмкін дегенді меңзейді", - деді Д. Акишев. "Біз таяу уақытатрда қайта қаржыландыру ставкасы туралы мәселені, Ұлттық банк құралдары бойынша ставкаларды қайта қарауды жоспарлап отырмыз. 2008 жылы Ұлттық банк банкаралық нарықтағы кейбір ставкаларды көтеруі әбден мүмкін " - деді ол.

Д. Акишев сондай-ақ, Ұлттық банктің шетелдерден несие тарту мәселелері бойынша екінші деңгейлі банктер үшін қазіргіден жоғары нормативтер енгізуді 2008 жылдың 15 қаңтарына дейін шегере тұруға шешім қабылдағанын жеткізді. "Бұл - әрине, түпкілікті шешім емес, өйткені, біз жылдың аяғына таман қалыптасатын ахуалға қарайтын боламыз", деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны