05.01.2010, 15:19 3200

2009 жылда азық-түлік тауарларының бағасы 3%-ға өсті

2009 жылда азық-түлік тауарларының бағасы 3%-ға өсті

Астана. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - 2009 жылда азық-түлік тауарларының бағасы 3%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

2009 жылғы желтоқсанда 2008 жылғы тиісті аймен салыстырғанда бағаның төмендеуі нанға - 3,2%, жармаға - 5,8%, жемістер мен көкөністерге - 7,9%, май және тоң майға - 11,5%, ұнға - 16,9%-ға байқалды. Баға қантқа - 38,7%, кофе, шай және какаоға - 24,6%, алкогольді ішімдіктерге - 11,9%, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,8%, кондитерлік өнімдерге - 6,6%, сүт өнімдеріне - 2,6%, макарон өнімдеріне - 2%-ға өсті.

Жылдың ішінде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 5,5% құрады. Шошқа етіне баға деңгейі 10,6%, шұжық өнімдеріне - 6,7%, жылқы етіне - 2,4%-ға жоғарылады, ал құс етіне 1,3%-ға төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны