23.10.2009, 18:05 3177

2009 жылдың 9 айында салық органдарының құзырында мемлекеттік бюджет табысына 1 162,5 млрд теңге түсті - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті

2009 жылдың 9 айында салық органдарының құзырында мемлекеттік бюджет табысына 1 162,5 млрд теңге түсті - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 2009 жылдың 9 айында салық органдарының құзырында мемлекеттік бюджет табысына 1 162,5 млрд теңге түсті. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің 2009 жылдың 9 айының ішіндегі қызмет қорытындысында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, аталған кезең ішінде салық органдарының құзырында мемлекеттік бюджет табысына 1 162,5 млрд. теңге түсті, жоспар 108,6 %-ға орындалды, жергілікті бюджетке 573,2 млрд. теңге түсті, жоспар 104,4 %-ға орындалды, ал көлік салығы бойынша 105%-ға орындалды.

Министрліктің мәліметінше, бақылау-экономикалық жұмыстар бойынша негізгі көрсеткіштер де жақсарды, атап айтқанда тексеру актілері бойынша қоса есептелген салық сомалары 355,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 2,7 есеге өскен, аумақтық салық органдарының салықтық тексеру актілері бойынша өндіріліп алынған сомалардың да үлес салмағы өсіп, 52%-ды құрап отыр.

"Жалған кәсіпкерлік қызмет фактілерін анықтау және ескерту мақсатында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдар жасасу мәселелері көтерілді. Осындай өзара іс-қимылдар шеңберінде 20 млрд. теңгеден аса сомада бюджеттен ҚҚС қайтаруды болдырмау жұмыстары жүргізілуде",- делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қабылданған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар нәтижесінде салық қызметі органдарында 2008 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда барлық жағынан сыбайлас жемқорлықтың төмендегені байқалады: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылғандар бойынша 2,3 есеге төмендеген, қозғалған қылмыстық істер бойынша 1,5 есеге, ал қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар бойынша 1,3 есеге төмендеген".

Көрсетілетін салықтық қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері де талқыланды. Қазіргі уақытта 3 жыл сайынғы тәуелсіз әлеуметтік сауалнама жүргізіліп жатқаны атап өтілді.

Одан басқа, үздік ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары марапатталды. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің мәліметінше, 2009 жылдың нәтижелері бойынша "Республиканың үздік орталығы" атағы Қостанай қалалық Салық басқармасының орталығына берілді, ал "Шағын қалада немесе ауылдық жерде орналасқан үздік орталық" атағы Екібастұз қалалық Салық басқармасының орталығына берілді.

"Ағымдағы жылдың соңына дейінгі нақты міндеттер айқындалды, атап айтсақ, Қаржы министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарында көрсетілген нысаналы көрсеткіштерді орындау, ҚҚС төлеушілерді қайта тіркеу рәсімдерін аяқтау, электрондық қызмет көрсетулерді кеңейту, Тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде тексеру жоспарын жасау, сондай-ақ Кедендік одақ шеңберіндегі салық салу мәселелері бойынша халықаралық құжаттарды әзірлеуге байланысты іс-шараларды аяқтау",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны