16.01.2009, 18:13 2943

2009 жылдың бірінші тоқсанында тасымалдау көлемдері темір жол саласында орта есеппен 3-4%, авиация саласында 8% төмендейді деп күтілуде - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

2009 жылдың бірінші тоқсанында тасымалдау көлемдері темір жол саласында орта есеппен 3-4%, авиация саласында 8% төмендейді деп күтілуде - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2009 жылдың бірінші тоқсанында тасымалдау көлемдері темір жол саласында орта есеппен 3-4%, авиация саласында 8% төмендейді деп күтілуде. Бұл туралы кеше ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Серік Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министрлің айтуынша, "өнеркәсіп өндірісі көлемдерінің төмендеуі іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде қазақстандық ірі жүк құраушы кәсіпорындар қатарының өнімі экспортының қысқаруына әкеп соқты".

Осыған байланысты 2009 жылдың 1-тоқсанында тасымалдау көлемдері темір жол саласында орта есеппен 3-4%, авиация саласында 8% төмендейді деп күтілуде.

"Бақыланып отырған төмендеу бүтіндей маусымдық ауытқулармен салыстырмалы түрде және шарықтау шегі болып табылмайды, бірақ сала бойынша неғұрылым анық сипатты ағымдағы жылдың мамыр-маусымы кезеңінде анықтай аламыз",- деді министр.

Оның айтуынша, "жалпы алғанда бақыланып отырған әлемдік экономика дамуының құлдырауымен дағдарыс 2009 жылдың күзіне қарай салаға өзінің теріс әсерін тигізеді деп күтуге болады".

"Мысалы, темір жол саласындағы шарықтау деңгейі тасымалдау көлемдері 10-15%-ға төмендеген кезде туындауы мүмкін, бұл өз кезегінде магистральдық желі бойынша инвестициялық бюджетті 2 есеге немесе 36,5 млрд.теңгеге шектеу қажеттігіне әкеп соғады; автожол саласындағы бұрын қабылданған дамыту жоспарларын қаржыландыруды 50%-ға қысқарту шамамен 10 мың жұмыс орнының қысқаруын, ірі отандық жол-құрылыс компанияларының бірқатарының банкротқа ұшырауын туындатады, бұл саланың жинақталған жетіжылдық әлеуетінің жойылуына әкеп соғады. Осыған байланысты күн тәртібінде біздің жаңа жағдайдағы іс-қимылымыз туралы мәселе бой көтереді.

Мәселені осылай қоюдың өзектілігі мынада. Біріншіден, көлік экономиканың маңызды құрауышы болып табылады және кез келген жағдайда қалыпты жұмыс істеуі тиіс. Екіншіден, салада 300 мыңнан артық адам жұмыспен қамтылған және олардың отбасылары мүшелерін есепке алғанда, 1,5 млн адамның тұрмыс жағдайының қуаттылығы көлік саласының жай-күйіне тәуелді,- деді еліміздің көлік және коммуникация министрі өз баяндамасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны