29.12.2008, 15:16 2981

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 10,0% деңгейінде белгіленеді

2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 10,0% деңгейінде белгіленеді

Алматы. 29 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқармасы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 10,0% деңгейінде белгілеуге шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ақша нарығындағы іскерлік белсенділіктің төмендеуі және өтімділіктің жетіспеуі теріс әсерден басқа 2008 жылы Қазақстанда инфляциялық үдерістердің бәсеңдеу факторына айналды. Ұлттық банк қысқа мерзімді болашақта инфляцияның өсуіне алып келуі мүмкін қандай да болмасын маңызды факторлардың болмауына байланысты осы үрдістің 2009 жылы сақталатынын күтуде".

Ұлттық банктің қайта қаржыландыру заемдары 2009 жылдың басында банктердің қысқа мерзімді өтімділікті толықтырудың негізгі көзі болып табылатынын ескере отырып, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап ресми қайта қаржыландыру ставкасының 10,0%-ға дейін төмендеуі банк секторына қолдау көрсетеді және тұрақтандырушы әсер етеді.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасының алдыңғы мәні жылдық 10,5% болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны