01.12.2009, 14:28 2566

2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5%-ды, жыл басынан бері 5,6%-ды құрады

2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5%-ды, жыл басынан бері 5,6%-ды құрады

Астана. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today -2009 жылғы қарашада Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,5%-ды, жыл басынан бері 5,6%-ды құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,2%-ға, азық-түлік емес тауарларға - 0,8%-ға, ақылы қызмет көрсетулерге 0,5%-ға өсті.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсуі жұмыртқаға 2,8%, қантқа - 2,4%, сүт өнімдеріне - 1,5%, жемістер, балық және теңіз өнімдеріне - 1%-дан, май және мал майына - 0,9%, кондитерлік өнімдерге - 0,8%, кофе, шай және какаоға - 0,6%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі нанға 0,6%, жарма өнімдеріне - 1,1%, жаңа жиналған көкөністерге - 1,9%, күрішке - 2,2%, ұнға - 2,3%, картопқа - 3,6%-ға тіркелді.

Баға қатты отынға 1,4%, медициналық дәрі-дәрмектерге - 1,1%, сұйытылған газға - 0,9%, киім мен аяқ киімге - 0,7%-ға өсті. Бензин 5,2%-ға, дизель отыны - 6,5%-ға қымбаттады, ал құрылыс материалдары 1%-ға арзандады.

Баға деңгейі білім беру және жолаушылар көлігі 0,3%-дан, денсаулық сақтау - 0,5%, мәдениет - 0,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызмет көрсетулеріне - 0,7%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтің өсуі ыстық суға, электр энергиясына - 1,2%-дан, суық суға, қоқыс жинауға - 0,4%-дан байқалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны