01.06.2009, 17:48 3427

2009 жылғы мамырда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады (толықтырылған)

2009 жылғы мамырда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады (толықтырылған)

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- 2009 жылғы мамырда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,7% құрады. Бұл туралы ""Қазақстан Бүгін"" агенттігіне ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,9%, азық-түлік емес тауарларға - 0,4%, ақылы қызмет көрсетулерге - 0,6%-ға өсті.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсімі күрішке - 4,5%, көкөністер мен жемістерге - 3,7%, қантқа - 2,7%, алкогольсіз сусындарға - 1,1%, ет өнімдеріне - 1%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі күнбағыс майына - 3,9%, жұмыртқаға - 2,1%, ұнға - 1,8%, сүт өнімдеріне - 0,9%, қарақұмық жармасына - 0,7%, нанға - 0,5% -ға тіркелді.

Баға медициналық дәрі-дәрмектерге - 1,9%, жеке басқа арналған гигиеналық тауарларға, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 1,2%-дан, киім және аяқкиімге - 0,9%, үй тұрмысына қажетті заттарға - 0,8%, кітаптар мен газеттерге - 0,7%-ға өсті. Дизель отыны - 3,5%, бензин - 2,8%-ға арзандады.

Баға деңгейі көлік қызметтеріне - 2%, денсаулық сақтау, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтеріне - 0,9%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесіне және мәдениет қызметтеріне - 0,7%-дан, қызмет көрсетулерге - 0,4%-ға өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны