05.01.2010, 14:59 2902

2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6%-ды құрады (толықтырылған)

2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6%-ды құрады (толықтырылған)

Астана. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - 2009 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,6%-ды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,4%, азық-түлік емес тауарларға - 0,3%, ақылы қызмет көрсетулерге - 1,1% -ға өсті.

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда бағаның өсуі шикі сүтке 4,6%, жұмыртқаға, кофе, шай және какаоға - 1,8%-дан, сүт қышқылды өнімдерге - 1,7%, май және мал майына - 1,6%, алкогольсіз сусындарға - 1,3%, алкогольді ішімдіктерге - 1,2%, балық және теңіз өнімдеріне - 1%, кондитерлік өнімдерге - 0,6%, ет өнімдеріне, жемістер мен көкөністерге - 0,2%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі нанға, макарон өнімдеріне - 0,3%-дан, жармаға - 1,7%, күрішке - 2,7%, ұнға - 5,1%-ға тіркелді.

Баға газеттер және кітаптарға, жуу және тазалау құралдарына 0,5%-дан, ыдысқа және жеке гигиена тауарларына - 0,7%-дан, киім мен аяқ киімге - 0,9%, медициналық дәрі-дәрмектерге - 1,1%-ға өсті. Бензин 3%-ға, цемент - 2,9%-ға арзандады, ал дизель отыны - 2%-ға, көмір - 1%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі медициналық қызмет көрсетулерге 0,5%, шаштараз, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызмет көрсетулеріне - 0,9%-дан, жолаушылар көлігі қызмет көрсетулеріне - 1,2%-ға жоғарылады. Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтің өсуі ыстық суға 4,2%, кәрізге - 3,7%, орталықтан жылытуға - 2,6%, суық суға - 1%-ға байқалды.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

2009 жылғы қаңтардан бастап ТБИ-ді есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 38,8%, азық-түлік емес тауарлар - 32,4%, ақылы қызметтер - 28,8% құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны