05.01.2010, 15:23 2979

2009 жылғы желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,8%-ға жоғарылады

2009 жылғы желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,8%-ға жоғарылады

Астана. 5 қаңтар. Kazakhstan Today - 2009 жылғы желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,8%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ағымдағы жылғы желтоқсанда қараша айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 2,9%, өңдеу өнеркәсібінде - 0,1%, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 0,9%-ға жоғарылады.

Өткен айда бағаның бензинге - 29,6%, жылу энергиясына - 4,8%, мұнайға - 3,7%, газ конденсатына - 0,7%, табиғи газға - 0,4%-ға өсімі, дизель отынына - 7,1%, көмірге - 0,8%-ға төмендеуі тіркелді.

Бір айда баға мысқа - 5,5%, қымбат металдарға - 5%, өңделмеген алюминийге - 3,2%-ға жоғарылады, қорғасынға - 14,5%, мырышқа - 8,5%, қара металдар илегіне - 3,3%, ферроқорытпаларға - 0,8%-ға төмендеді.

Маргарин - 3,7%, сүт өнімдері - 1,7%, балық - 1,5%-ға қымбаттады, бидай ұны - 3,1%, макарон өнімдері - 1%, құс еті - 0,8%, нан - 0,3%-ға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны