22.02.2011, 16:52 4135

2010 жылдың қорытындысы бойынша ҚР шикізаттық емес секторына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын құрады

2010 жылдың қорытындысы бойынша ҚР шикізаттық емес секторына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттеріне арналған селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - ақпан. Kazakhstan Today - 2010 жылдың қорытындысы бойынша ҚР шикізаттық емес секторына тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгін өткен жылдың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-міндеттеріне арналған селекторлық форматтағы Үкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, вице-министрдің өзіне қарағанда, жалпы 2010 жылдың 9 айында Қазақстанға шамамен 13,1 млрд. АҚШ доллары көлемінде шетелдік тікелей инвестициялар тартылды. Оның ішінде шикізаттық емес сектордағы үлесі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

"Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін алға жылжыту шаралары аясында министрлік өткен жылы 28 іс-шара өткізді. Соның нәтижесінде 9,6 млрд. АҚШ долларына негізделген 150-ге жуық ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттар бекітілді",-деді Д. Тұрғанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны