09.02.2011, 17:41 3757

2010 жылғы ағымдағы операциялар шотының профициті 4,9 млрд АҚШ долларын құрады

2010 жылғы ағымдағы операциялар шотының профициті 4,9 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - 2010 жылғы ағымдағы операциялар шотының профициті 4,9 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ағымдағы операциялар балансының жақсаруы энергия тасымалдаушылардың әлемдік бағасының қолайлы конъюнктурасымен байланысты тауар экспорты құнының өсуімен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтқан.

2010 жыл brent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы орташа алғанда 1 баррель үшін 79,64 доллар болды. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 27,7 пайызға жоғары. Соның нәтижесінде тауарлардың экспорты 35,8 пайызға ұлғайып, 59,7 миллиард долларды құрады. Ал тауарлардың импорты 6,6 пайызға өсіп, 30,7 миллиард доллар болды. Ұлттық банк төрағасының айтуынша, тұтастай алғанда 2010 жылы сауда балансы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық ұлғайып, 29 миллиард долларды құраған оң сальдомен қалыптасты.

Григорий Марченконың сөзіне қарағанда, тауарлар экспортынан түскен түсімдердің өсуі салдарынан экономиканың тиісті салаларындағы шетелдік тікелей инвесторлардың кірістері айтарлықтай ұлғайды. Тікелей инвестициялау қатынастарымен байланысты емес кредиторларға сыйақы төлеу төмендеген кезде тікелей инвесторларға төлемдер 35,9 пайызға ұлғайды. Бұл жыл қорытындысы бойынша 2009 жылғы 11,4 миллиард доллармен салыстырғанда инвестициялық кірістер балансының теріс сальдосының 15,2 миллиард долларға дейін ұлғаюына себепші болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны