01.03.2010, 13:25 3252

2010 жылғы ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы 2009 жылғы ақпанмен салыстырғанда 4,7%-ға өсті

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - 2010 жылғы ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы 2009 жылғы ақпанмен салыстырғанда 4,7%-ға өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2010 жылғы ақпанда 2009 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 42,2%, кофе, шай және какаоға - 19,5%, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,3%, алкогольді ішімдіктерге - 6,6%, кондитерлік өнімдерге - 6,1%, сүт өнімдеріне - 4,4%, макарон өнімдеріне - 1,3%-ға өсті. Бағаның төмендеуі ұнға 17%, жармаға - 6,1%, жемістер мен көкөністерге - 4,3%, нанға - 3,4%, жұмыртқаға - 2,6%, май және тоң майға 0,8%-ға байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 8,1% құрады. Шошқа етіне баға деңгейі 12,4%, шұжық өнімдеріне - 6,9%, қой етіне 4,3%, жылқы етіне - 3,6%, құс етіне 1%-ға жоғарылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны