01.03.2010, 13:23 2697

2010 жылғы ақпанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,4%-ға жоғарылады

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - 2010 жылғы ақпанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 1,4%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы ақпанда қаңтар айымен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 1,3%, өңдеу өнеркәсібінде - 1%, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 3,5%-ға жоғарылады.

Өткен айда бағаның табиғи газға 7%, электр энергиясына - 5,1%, металл кендеріне - 4,8%, газ конденсатына - 3%, дизель отынына - 2,9%, жылу энергиясына - 0,7%-ға жоғарылауы, бензинге - 1,7%, көмірге - 0,1%-ға төмендеуі тіркелді.

Бір айда баға мысқа - 5,1%, өңделмеген алюминийге - 4,3%, мырышқа - 3,5%, қорғасынға - 3,3%, ферроқорытпаларға - 1,5%, қара металдар илегіне - 0,4%-ға жоғарылады.

Шай - 1,3%, өсімдік майы - 0,9%, сүт өнімдері - 0,6% қымбаттады, құс еті - 2,8%, бидай ұны - 2,3%, балық - 2,1%, жармалар - 0,5%-ға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны