12.02.2010, 11:42 1891

2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - 2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР Статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Республика экономикасында 2010 жылғы қаңтарда (бағалау бойынша) 7,9 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 100,4 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,3 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 66,6%) құрады.

2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 542,9 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2010 жылғы қаңтардың соңына 63,4 мың адам ресми тіркелген. Жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2009 жылғы қаңтарда - 0,7%).

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны