01.06.2010, 10:37 2712

2010 жылғы мамырда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 073 теңгені құрады

2010 жылғы мамырда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 073 теңгені құрады

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - 2010 жылғы мамырда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13 073 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Статистка агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2010 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 1,4%, 2009 жылғы мамырмен - 4%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20%, сүт, май-тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,3%, жемістер мен көкөністерді - 12%, нан және жарма өнімдерін - 8,8%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,9%-ды құрады.

Еске сала кетейік, ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны