01.06.2010, 18:07 3170

2010 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,3%-ға жоғарылады

2010 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,3%-ға жоғарылады

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - 2010 жылғы мамырда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 5,3%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Статистка агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде 7,1%, өңдеу өнеркәсібінде - 2,4%, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде - 0,5%-ға жоғарылады.

Электр энергиясына - 0,7%-дан жоғарылауы, отындық мазутқа - 3,9%, бензинге - 2,8%, көмірге - 0,8%-ға төмендеуі тіркелді.

Бір айда баға ферроқорытпаларға - 7%, өңделмеген алюминийге - 5,4%, мыс пен қымбат металдарға - 3,8%-дан, қара металдар илегіне - 2,9%-ға жоғарылады, қорғасынға - 0,1%-ға төмендеді.

Құс еті - 2,8%, маргарин - 0,7%, қант пен сүт өнімдері - 0,3%-дан, өсімдік майы мен макарон өнімдері - 0,2%-дан қымбаттады, жармалар - 1%, бидай ұны - 0,9%, балық - 0,4%, нан - 0,2%-ға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны