21.01.2008, 16:02 2520

2010 жылы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының көлемі 1,3 млн гектарға ұлғайтылады - ҚР АШМ

2010 жылы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының көлемі 1,3 млн гектарға ұлғайтылады - ҚР АШМ

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2010 жылы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының көлемі 1,3 млн гектарға ұлғайтылады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында вице-министр Ақылбек Құрышбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2010 жылға дейін ерекше қорғаудағы табиғат аймақтарын 1,3 млн гектарға дейін ұлғайтып, оны 8,5% жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осы арқылы біз Халықаралық табиғат қорғау одағы ұсынған 10% межеге жақындаймыз", - деді А. Құрышбаев.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, "қазіргі уақытта республикада ерекше қорғаудағы аумақтардың жалпы көлемі 21 млн гектарға немесе жалпы республика көлемінің 7,7% жетеді".

А. Құрышбаев 2007 жылы орман шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстары 41 мың гектар аумақты қамтығанын, ол 2002 жылғы көрсеткіштен 3 есе көп екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны