11.01.2011, 18:41 4089

2010 жылы ҚР алтын валюталық қорлары 24% өскен

Қазақстан Ұлттық банкінің таза алтын валюталық қорлары (АВҚ) 2010 жылы 27,7 миллиард долларға дейін 24% өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 11 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Ұлттық банкінің таза алтын валюталық қорлары (АВҚ) 2010 жылы 27,7 миллиард долларға дейін 24% өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ведомствоның мәліметтеріне сәйкес өткен жылдың желтоқсанында Ұлттық банктің таза АВҚ 1,7% өсті. Таза валюталық қорлар 2010 жылға 23,2% өсіп, алтындағы активтер 22,1% артқан.

Ұлттық қордың активтері 2011 жылдың 1 қаңтарына өткен жылдың 1 қаңтарына 24,6 миллиардқа қарсы 30,6 миллиард долларды құрады.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес 2010 жылға елдің АВҚ жалпы 58,9 миллиард АҚШ долларына дейін 24% өсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны