10.01.2011, 15:59 5308

2010 жылы құрылыс саласындағы баға 3,6 пайызға өскен

2010 жылы құрылыс саласындағы баға 3,6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10- қаңтар. Kazakhstan Today - 2010 жылы құрылыс саласындағы баға 3,6 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, "2010 жылғы желтоқсанда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағалар құрылыс-монтаж жұмыстарына 2,9%, машиналар мен жабдықтарға - 7,7%, өзге де жұмыстар мен шығындарға - 3,6%-ға өскен".

Жыл ішінде құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялар 0,1%-ға қымбаттады. Табақ болат - 8,1%, терезеге арналған табақты шыны - 5,9%, құйма шойыннан жасалған ванналар - 5,1%, минералды мақтадан жасалған тақталар - 4,6%, ғаныш - 4,4%, қыштан жасалған құрылыстық отқа төзімсіз кірпіштер - 2,3%, мұнай құрылыстық битумы - 2,2%-ға қымбаттады. Пропилен құбырлар 13,1%-ға, пластмассадан жасалған терезелер мен терезе қораптары - 2,1%, өзге де құрылыстық құм - 1,6%, орталықтан жылытуға арналған радиаторлар 0,6%-ға арзандады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны