10.01.2011, 15:57 5041

2010 жылы сатылған ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы 23,4 пайызға өскен

2010 жылы сатылған ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы 23,4 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10 - қаңтар. Kazakhstan Today - 2010 жылы сатылған ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы 23,4 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, 2010 жылы желтоқсанда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы құрылымдары өткізген өсімдік шаруашылығы өнімі 32,4%, мал шаруашылығы өнімі - 11,1%-ға қымбаттаған.

"2010 жылы баға бидайға 37,5%, жүгеріге - 1,9%, қара бидайға - 1,8%, арпаға - 1,6%-ға өсті. Бағаның төмендеуі сұлыға 6,2%, күрішке - 5,5%-ға белгіленді", - деп көрсетілген хабарламада.

Өткен жылдың ішінде картоп 27%, сәбіз - 56,7%, асханалық қызылша - 25%, қырыққабат - 24,4%, басты пияз - 20,2%-ға қымбаттады. Баға өсімі жеміс-жидекке 36%, күнбағыс тұқымына - 32%, жүзім - 28,3%, мақтаға - 26%, темекі - 21,7%, қант қызылшасы - 12,9%-ды құрады.

Бір жылда баға жұмыртқаға 0,5%-ға төмендеді, ал шикі сүтке 22,6%-ға өсті. Қой еті 11,8%, ірі қара мал еті - 10,8%, шошқа еті - 11,3%, құс еті - 5,9%-ға қымбаттады. Баға өсімі балға 7,7%, жүнге - 6,6%-ды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны