30.12.2009, 13:47 2510

2010 жылы теңгенің ауытқуларының дәлізі бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +15/-22,5 теңгеге дейін кеңейтіледі

2010 жылы теңгенің ауытқуларының дәлізі бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +15/-22,5 теңгеге дейін кеңейтіледі

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2010 жылы теңгенің ауытқуларының дәлізі бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +15/-22,5 теңгеге дейін кеңейтіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ұлттық банктің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2010 жылы теңгенің айырбастау бағамының таргеттелетін орташа мәні бір АҚШ доллары үшін 150 теңге деңгейінде сақталатынын хабарлайды. Сонымен бірге әлемдік тауар және валюта нарықтарындағы ахуалды ескере отырып, сондай-ақ бағам белгілеудің икемділігін арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында теңгенің ауытқуларының дәлізі +15 теңге (немесе 10%) және -22,5 теңге (немесе 15%) дейін кеңейтіледі.

Теңге бағамының динамикасындағы басым үрдістер АҚШ долларының еуроға қатысты бағамының, Ресей рублінің осы екі валютаға қатысты бағамының динамикасына, Қазақстан Республикасының негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы төлем балансының жай-күйіне байланысты болады.

Бұл дәліз 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап 2011 жылғы 20 наурызды қоса алғанда белгіленеді. Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамының таргеттелетін мәнін және/немесе ауытқулары дәлізінің шектерін өзгерту әлемдік валюта және тауар нарықтары көрсеткіштерінің динамикасындағы ұзақ мерзімді үрдістердің күрт өзгеруі кезінде ғана ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны