10.01.2011, 15:54 4977

2010-жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы тұрғынүй бағасының өскендігі байқалады

2010-жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы тұрғынүй бағасының өскендігі байқалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10 - қаңтар. Kazakhstan Today - 2010-жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы тұрғынүй бағасының өскендігі байқалады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазТаг ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, 2010-шы жылғы желтоқсанда Қазақстандағы жаңа тұрғынүйдің 1 шаршы метрінің бағасы Т142025 болып, ол 2009-шы жылғы осындай аралықпен салыстырғанда 3,1%-ға қымбаттады, делінген ҚР статистика агенттігінің таратқан хабарында.

РИА Новости агенттігінің ақпаратына сүйенсек, статистиктердің мәліметтеріне сәйкес 2010 жылғы желтоқсанда өткен аймен салыстырғанда жаңа тұрғын үйді сату бағасы 1,3%, көркейтілген тұрғын үйді алып сату - 0,9%, жалға беру - 0,6%, көркейтілмеген тұрғын үйді алып сату - 0,8%-ға жоғарылған.

Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің құны желтоқсанда орта есеппен бір шаршы метрге 142,025 теңгені құрады. Екінші нарықтағы үйдің бағасы бір шаршы метрге 104,697 теңгеге дейін өсті.

Көркейтілген тұрғын үйді жалға беру желтоқсанда орта есеппен бір шаршы метр үшін 836 теңгені құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны