18.04.2012, 13:16 3527

2011-2012 маркетинг жылында Қазақстан 11-12 млн. тонна астық экспорттайды

Оның айтуынша, астық тасымалдайтын вагондардың кешеуілдеуі орын алмаған жағдайда Қазақстан 2011-2012 маркетинг жылында 15 млн. тоннаға дейін астық экспорттауға мүмкіндік алар еді. Мәселен, өткен айда тек 930 мың тонна ғана астық экспортқа жөнелтілген. Осы айда да "Қазақстан темір жолы" компаниясы экспорт көлемінің 1 миллион тоннаға жетпейтіндігін алға тартып отыр.

Астана. 18-сәуір. Kazakhstan Today - 2011-2012 маркетинг жылында Қазақстан 11-12 млн. тонна астық экспорттайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін шаруашылығы департаментінің директоры Анна Буць БАҚ өкілдерімен ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Оның айтуынша, астық тасымалдайтын вагондардың кешеуілдеуі орын алмаған жағдайда Қазақстан 2011-2012 маркетинг жылында 15 млн. тоннаға дейін астық экспорттауға мүмкіндік алар еді. Мәселен, өткен айда тек 930 мың тонна ғана астық экспортқа жөнелтілген. Осы айда да "Қазақстан темір жолы" компаниясы экспорт көлемінің 1 миллион тоннаға жетпейтіндігін алға тартып отыр.

"Біз осы маркетинг жылда толықтай алғанда 11-12 млн. тонна астық жөнелтеміз деп жоспарлаудамыз", - деді ол.

А.Буцьтің алға тартқан деректеріне қарағанда, 1 сәуірге дейін 8,4 млн. тонна астық, оның ішінде 5,6 млн. бидай, 2,8 млн. тонна ұн жөнелтілген. Астық негізінен Орталық Азия мен Иранға, сонымен қатар 90 мың тоннасы Қытайға экспортталған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны