15.11.2011, 11:57 4204

2011 жылдың 10 айында ЖІӨ 7,2 пайызға өскен

Алдын-ала бағам бойынша, осы жылғы қаңтар-қазандағы ЖІӨ өсімі 7,2% құрады. 2011 жылдың 10 айында өнеркәсіптік өндірістің өсімі 4 пайызды құраған. Бұған ішкі және сыртқы сұраныстың кеңеюі ықпал етті.

Астана. 15-қараша. Kazakhstan Today - 2011 жылдың 10 айында ЖІӨ 7,2 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, алдын-ала бағам бойынша, осы жылғы қаңтар-қазандағы ЖІӨ өсімі 7,2% құрады. 2011 жылдың 10 айында өнеркәсіптік өндірістің өсімі 4 пайызды құраған. Бұған ішкі және сыртқы сұраныстың кеңеюі ықпал етті.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

"Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс өсімі тау-кен секторымен салыстырғанда қарқынды өсіп келе жатыр. Негізінен, бұл химиялық өнеркәсіп, машина құрылысы, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері өндірісінің артуы есебіне негізделіп отыр. Атап айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс өсімі еліміздің барша өңірінде байқалуда", - деді ведомоство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, өсімнің негізгі көрсеткіші Астанада (30,5 пайыз), Жамбыл облысында (32,3 пайыз) тіркелген. Ал Ақмола облысында өсім 17,9 пайызды, Алматы қаласында 15 пайызды құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны