10.10.2011, 09:51 4582

2011 жылдың 9 айында Қазақстанда ЖІӨ-нің өсімі 7 пайызды құрады

"Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 7 пайызды құрады",- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - 2011 жылдың 9 айында Қазақстанда ЖІӨ-нің өсімі 7 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің өсімі 7 пайызды құрады",- деп жазды Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың 17 сәуірінде өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті, шикізат емес секторды жедел дамыту есебінен экономиканың жыл сайынғы өсімін тағы да қосымша 3 пайызға жеткізуді қамтамасыз ету туралы басымдықты міндет қойды. Бұл үшін экономика жыл сайын кемінде 7 пайыздық өсім көрсету керек.

2011 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ЖІӨ-нің өсімі 7,1 пайызды құрады. Бұл өсімге Индустрияландыру картасының жобаларын жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткізіліп отыр. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 900 миллиард теңгеден астам соманың 227 индустриялық жобасы іске қосылды, оның ішінде ағымдағы жылдың басынан бері 110 миллиард теңгеден астам соманың 75 жобасы пайдалануға берілді.

Ұлттық экономиканың 7 % өсімін қамтамасыз ету бойынша 2011 жылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығарған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, экономика өсімінің 7 пайызын қамтамасыз ету "Мемлекет басшысының Үкіметке жүктеген басты міндеті" екенін атап көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны