13.12.2011, 09:34 3426

2011 жылдың ІІ жартыжылдығында құрылыс индустриясы бойынша 20 жоба жүзеге асырылуда

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісі бойынша 23,6 млрд. теңге сома инвестицияның 20 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Pm.kz сайтына Индустрия министрлігінен хабарлаған.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында құрылыс индустриясы бойынша 20 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдары өндірісі бойынша 23,6 млрд. теңге сома инвестицияның 20 жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы Pm.kz сайтына Индустрия министрлігінен хабарлаған.

Қазіргі таңда құрылыс саласында қолданылатын материалдардың жартысына жуығы ел аумағында өндіріледі. Атап айтқанда, "Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты" АҚ-ының "Шыны-пластик құбырлар зауытының 3-ші кезеңі" жобасы (195 млн. теңге инвестиция), "Құбырларға арналған жылу оқшаулағыш пенополиуретан өндірісі"(466 млн. теңге инвестиция), "Шағыл тас өндіру зауыты" жобасы (инвестиция көлемі- 75 млн. теңге, жобалық қуаты - жылына 50 мың текшеметр) жүзеге асырылып отыр.

Оған қоса, "Асфальт-бетон өндіру зауытының І кезеңі", "Құрылыс жабдықтары өндірісі", "Цемент зауыты", "Құрылыс материалдары комбинаты", "Арнайы мақсаттағы тұтқыр материалдар өндірісі", "Жылдық қуатын 10 млн. данаға дейін арттыра отырып, кірпіш зауытын жаңғырту" (Қостанай) жобалары қолға алынды.

Және "Сұйық шыны өндіретін зауыттың құрылысы", "Газ-бетон бұйымдар өндіретін зауыт", "Модульдік үйлер жасайтын зауыт", "Өнеркәсіптік мақсаттағы нысандар құрылысы, жол битумын шығару" жобаларын да іске қосу қарастырылған.

ҮИИД бағдарламасының аясында ІІ жартыжылдықта 162 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған және оның ішінде 20 жоба құрылыс индустриясы секторына қарайды. Бағдарлама аясында құрылыс индустрия мен ағаш өңдеу секторына 283 млрд. астам теңге инвестициялау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны