13.12.2011, 12:03 3258

2011 жылдың ІІ жартыжылдығында жеңіл өнеркәсіп саласында 3 жаңа жоба іске қосылады

2011 жылдың екінші жартыжылдығында еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында үш жобаны іске қосу жоспарланған, деп хабарлаған Индустрия министрлігі Pm.kz сайтына.

Астана. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today - 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында жеңіл өнеркәсіп саласында 3 жаңа жоба іске қосылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2011 жылдың екінші жартыжылдығында еліміздің жеңіл өнеркәсіп саласында үш жобаны іске қосу жоспарланған, деп хабарлаған Индустрия министрлігі Pm.kz сайтына.

"2011 жылдың екінші жартыжылдығында 3 кәсіпорын - тері өнімдерінің өндірісі - "Семей былғары-тері комбинаты" ЖШС, дайын тоқыма бұйымдарының "Шымкент-Кашемир" ЖШС және тігін өндірісін жаңғырту, конструкторлық бюро құру, зертханалар ашу, индустриялық кір жуатын орындар ашу жобасын қамтыған "ЮтарияLtd" ЖШС іске қосу жоспарлануда", - делінген хабарламада.

ҮИИД бағдарламасы бойынша екінші жартыжылдықта барлығы 162 индустриялық жобаны іске қосу қарастырылған, оның үшеуі - жеңіл өнеркәсіп саласының жобасы. ҮИИД бағдарламасының аясында бұл салаға 35 млн. астам теңге инвестициялау жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны