05.07.2011, 17:50 4263

2011 жылғы әлемдегі ең қымбат 500 брендтің қатарына Қазақстанның 2 банкі енді

"ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, онда Қазақстан банктері арасынан "Қазкоммерцбанк" екінші жылы қатарынан үздіктердің қатарынан табылды.

Алматы. 5 шілде. Kazakhstan Today - "Brand Finance" Консалтингтік компаниясы мен "The Banker" журналы әлемдегі ең қымбат банк брендтерінің жыл сайынғы дәстүрлі рейтингін жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазАқпарат" агенттігінің хабарлауынша, онда Қазақстан банктері арасынан "Қазкоммерцбанк" екінші жылы қатарынан үздіктердің қатарынан табылды. Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, Қазкоммерцбанк былтырғы жылмен салыстырғанда 368-ден 280-ші орынға көтеріліп отыр. Ал банк брендінің құны 2 есеге жуық өсіп, 184-тен 389 миллион долларға жетті. Жалпы әлемдегі ең қымбет 500 банк брендтерінің ішінде Қазақстаннан 2 қаржы институты еніп отыр. Олар - Қазкоммерцбанк (280 орын) пен Халық банкы (335 орын). Бұл тізімді 30,6 миллиард долларға бағаланған американдық "Bank of America" бастап тұр. Одан кейінгі 2-3 орынды тағы бір американдық "Wells Fargo" (28,9 млрд. доллар) мен британдық HSBC (27,6 млрд. доллар) түйіндеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны