10.01.2012, 10:47 3778

2011 жылы Қазақстанда жаңа салынған үйдің бағасы 6,7 пайызға қымбаттаған

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2011 жылы қайталанба нарықта көп қабатты үй бағасы 8,7%, жер үй - 9,3% қымбаттаған. Өткен жылы жалға берілетін үй бағасы да 5,5% өсіпті.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - 2011 жылы Қазақстанда жаңа салынған үйдің бағасы 6,7 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2011 жылы қайталанба нарықта көп қабатты үй бағасы 8,7%, жер үй - 9,3% қымбаттаған. Өткен жылы жалға берілетін үй бағасы да 5,5% өсіпті.

2011 жылы республика бойынша жаңа үйдің шаршы метрі 153 мың 521 теңгені, қайталанба нарықтағы көп қабатты үйдің 1 шаршы метрі 115 мың 228 теңге, жер үй бағасы 68 мың 425 теңгені құраған. Жалға берілетін пәтердің бір шаршы метрі 883 теңгеге тұрақтады, дейді мамандар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны