10.01.2012, 10:22 4346

2011 жылы Қазақстанда ЖІӨ 7,5 пайызды құраған

2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ЖІӨ ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өндірістің - 26,7 пайызға, өнеркәсіптегі өндірістің - 3,3 пайызға, көтерме және бөлшек сауда көлемінің -14,5 пайызға, ақпарат және байланыс қызметтерінің -18,7 пайызға, көлік және логистика қызметтерінің - 6,8 пайызға артуының есебінен, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 7,5 пайызға өсті.

Астана. 10-қаңтар. Kazakhstan Today - 2011 жылы Қазақстанда ЖІӨ 7,5 пайызды құраған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"2011 жылы Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 7,5 пайызды құрады", - деп жазды Премьер-министр Кәрім Мәсімов Twitter-ге.

Статистика агенттігінің ақпараты бойынша, 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ЖІӨ ауыл, орман және балық шаруашылығындағы өндірістің - 26,7 пайызға, өнеркәсіптегі өндірістің - 3,3 пайызға, көтерме және бөлшек сауда көлемінің -14,5 пайызға, ақпарат және байланыс қызметтерінің -18,7 пайызға, көлік және логистика қызметтерінің - 6,8 пайызға артуының есебінен, 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 7,5 пайызға өсті.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің бағалауыша, 2011 жылдың басынан бері еліміздің экономикалық белсенділігі негізінен Индустрияландыру картасы жобаларының арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Осылайша, Индустрияландыру картасы мен "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының нәтижесі жалпы ішкі өнімнің 2 пайызын құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны